Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Кореяның ең сұлу актрисасы қазан айында тұрмысқа шықпақшы (фото)

Опубликовано:

Кореяның ең танымал актерлары Сон Хе Кё мен Сон Чжун Кидің қазан айының 31 жұлдызында шаңырақ көтеретіні белгілі болды деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұған қатысты екі актердің агенттіктері (Blossom Entertainment мен United Artists Agency (UAA) ресми түрде мәлімдеме жасады.

«Біріншіден біз Сон Хе Кё мен Сон Чжун Ки жақсы көретін, олардың өнерін бағалайтын корей мен өзге елдердегі жанкүйерлеріне алғыс білдіреміз. Бұл жақсы жаңалықты біз бірінші болып хабарлап жатқанымызға түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз. Сон Хе Кё мен Сон Чжун Ки 2017 жылдың қазан айының соңғы күні некесін қидырып, отбасын құрмақшы. Неке деген екі адамның ғана жеке ісі емес. Бұл қос тараптың ата-аналарының танысып, тіл табысуы. Сондықтан да бұл жаңалық осы уақытқа дейін құпия болып келді. Ал бүгін жақсы жаңалықпен сіздермен бөлісудің сәті түсті. Екі жасқа бақыт тілеңіздер. Екі актер де өмірлеріндегі маңызды оқиға туралы жанкүйерлеріне міндетті түрде айтатын болады. Рақмет", - деп пікір білдірді қос тарап.

Бұл ақпарат тарағаннан кейін табынушылары Сон Хе Кё-нің аяғы ауыр деп болжай бастады. Алайда актрисаның агенттігі бұл қауесеттің жалған екенін мәлімдеді.

Айта кетейік, Сон Хе Кё Кореяның ғана емес, әлемдегі ең сұлу актрисалардың бірі. Ол болашақ күйеуі Сон Чжун Кимен Қазақстан ұлттық арнасында көрсетілген "Бітімгерлер" ("Потомки солнце") хикаясында басты рөлді сомдаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1547357-koreyanynh-enh-sulu-aktrisasy-qazan-ayyn/

pixel