RU

Көркінен көз сүрінер боксшы қыз Астанада чемпиондық атаққа таласпақ

26 тамызда халықаралық EXPO-2017 көрмесі аясында Астанада кәсіпқой бокс кеші ұйымдастырылмақ. Негізгі жекпе-жекте Қазақстаннан шыққан алғашқы боксшы қыз Фируза Шәріпова әлем чемпионы атағына таласады деп хабарлайды көрменің ресми сайты.

Бокс кешін EXPO-2017 мен Фируза Шәріпованың командасы бірлесіп өткізбек.

Айта кетейік, бұл кеш EXPO-2017 аймағындағы Амфитеатрда өтеді. Оған 6 мың көрермен сыяды.

Тағы оқыңыздар: Қай елдің көшбасшылары Назарбаевты туған күнімен құттықтады?

Шәріпова соңғы жекпе-жегін 29 тамызда Мәскеуде өткізіп, ресейлік Бианка Пряшканы техникалық нокаутпен женген болатын.

Фируза кәсірқой бокстағы жеті жекпе-жегінің біреуінде жеңіліп қалса, қалған алты кездесуде жеңіске жетіп, оның төртеуін мерзімінен бұрын аяқтаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547629-korkinen-koz-suriner-boksshy-qyz-astan.html