RU

Қызылордада демалыс жағажайы ашылды

6 шілде – Астана күні мерекесіне орай Қызылорда қаласына қарасты Белкөл кентінде демалыс жағажайы ашылды.

Жалпы ауданы 27 гектарды құрайтын жағажай жергілікті кәсіпкер, «Абай» шаруа қожалығының төрағасы Мұрат Нұрсайтовтың  демеушілігімен салынған.

Қала тұрғындарының демалысына арналған жағажайдың салтанатты ашылу рәсіміне Қызылорда қаласының әкімі Н. Нәлібаев қатысып, қатысушыларды Астана күнімен құттықтады. Демалыс орнының жұмысына сәттілік тіледі.

Жаңа жағажайдың 13 гектарын үш бөліктен тұратын көл құрайды. Демалушылар үшін көл үстіне шатырлар және балық аулаушыларға арналған арнайы орындар әзірленген.

Демалыс орнында қаланың жас тұрғындары балалардың демалуына барынша көңіл бөлінген.  1,5 гектар аумақты алып жатқан балалар ойын алаңында арнайы жерасты суымен толтырылатын 4-7, 7-12 жас аралығындағы балалар түсетін 2 хауыз (бассейн) және 12-15 жас аралығындағы балаларға арналған, көлмен жапсарланған трамплині бар суға түсу орны қамтылған.

Сондай-ақ, балаларға арналған 10 дана көлігі бар автодром, балмұздақ, сусын сататын 2 шатырлы дүңгіршек, батут және гидроскутер, ролик тебу алаңы орналасқан.

Жағажайда бір мезетте 200-250 адамға қызмет көрсететін мейрамхана жұмыс жасайды. Онда 14 шатыр, 2 асхана (жазғы,қысқы), сарқырама, әкімшілік ғимарат орналасқан. Мұнда көлден ауланған балық, құс еттерінен жене кой етінен сол мезетте ас дайындатуға болады.

Сонымен қатар, 4 гектар жерге жеміс ағаштары отырғызылып, онда алма, алмұрт, өрік ағаштары жемісін беріп тұр. Жағажайдан тыс 4 гектар жерге жүзім алқабы отырғызылған.

2 жолақтан тұратын кірме жолға 20 автокөлікке арналған автотұрақ салынған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547679-qyzylordada-demalys-zhaghazhayy-ashyldy.html