RU

Елімізде 40 градус ыстық болады деп күтілуде

Жетінші шілде күні Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы ыстық боладыдеп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Еліміздің батысында аздаған жаңбыр жауып, найзағай жарқылдайды. Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін артып, күндіз ауа температурасы 38 градусқа дейін жетеді.

Республикамыздың орталық және солтүстік аймақтарында жауын жауып, бұршақ түсуі мүмкін. Күндіз ауа температурасы 36 градус ыстықты көрсетеді.

Тағы оқыңыздар: Пицца, суши, қытайлық аяқ киім: Қазіргі қазақтар қалай өмір сүреді?

Қазақстанның шығыс бөлігінде ауа райы жауын-шашынды болып, күндіз сынап бағанасы 32 градусқа дейін көтеріледі.  Оңтүстік аймақтарда аздаған жауын-шашын болып, күндіз ауа температурасы 40 градус ыстықты көрсететін болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547912-elimizde-40-gradus-ystyq-bolady-dep-kuti.html