RU

Ақтауда 15 жастағы оқушы алты тілде еркін сөйлеп, жұртты аң-таң етті

Ақтауда алты тіл білетін дарынды бала тұрады. 15 жастағы Эдип Ахвердиеви қазақ, орыс, ағылшын, түрік, грузин және әзірбайжан тілдерінде еркін сөлейді деп хабарлайды "Хабар" арнасы.

Зерек бала тіл үйрену үшін арнайы ұстаздардың көмегіне жүгінбеген. Ғаламтор мен қосымша оқулықтар арқылы меңгеріпті. Биыл жалпы білім беретін пәндер бойынша өткен республикалық олимпиадада топ жарып, «Полиглот-2017» атанды.

Тағы оқыңыздар: Қала күні ЭКСПО билеттері тегін болатынына сенген астаналықтар көрмеге кіре алмай, дал болды

Оқушы жазғы демалысын тіл үйренуге арнап жүр. Ол енді неміс, француз тілдерін үйренбекші.

"Менің ойымша адамның мүмкіндігі шексіз. Біз көп тіл білетін адамдарды тарихтан танимыз. Фридрих Энгельс 22 тіл білсе, атақты суретші Рерихтің баласы 30 тіл білген. Біздің бабамыз әл-Фараби 70 елдің тілін білген. Міне, көрдіңіздер ме, менің ойымша мұның қасында үш тіл үйрену қиынға соқпайды", - дейді Эдип.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547941-aqtauda-15-zhastaghy-oqushy-alty-tilde-erki.html