RU

Жарты миллионға жуық жапон халқы алапат су тасқынынан үйлерін тастай қашты (фото)

Жапонияда тоқтаусыз жауған жауын салдарынан өзендер арнасынан асып, жарты миллионға жуық тұрғынды қауіпсіз жерге шығаруға тура келді деп хабарлайды КТК арнасы.

Жапонияның оңтүстігін топан су басты. Тасқын тас жолдар мен тұрғын үйлердің тас-талқанын шығарды. Тал-терек пен электр бағаналарын қиратып, тіпті зәулім ғимараттар су астында қалған.

Тағы оқыңыздар: Ақтауда 15 жастағы оқушы алты тілде еркін сөйлеп, жұртты аң-таң етті

Табиғи апат салдарынан жарты миллионға жуық жапон үйлерін тастай қашты. Жұртты жаппай эвакуациялаған құтқарушылар су әлі жетпеген елді мекендерді де көшіріп жатыр. Қаза тапқандар жайлы әзірге ешқандай ақпарат жоқ. Ал қауіпсіз жерге көшіп үлгере алмай қалғандар шатырға шығып құтқарушыларды күткен.

"Мұндай жауын-шашын бұрын болмаған. Ахуал нашарлап барады. Жағдай аса қауіпті. Су тасқыны күшейе түседі деген қауіп жоқ емес. Сондықтан сақтық шараларын күшейту қажет", - дейді Жапония метеорологиялық агентігінің өкілі Ясуси Кайивара.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547948-zharty-milliongha-zhuyq-zhapon-khalqy-alap.html