RU

ОҚО тұрғыны ауыр дертке шалдыққан баласын тұншықтырып өлтірмек болды

Оңтүстік Қазақстан облысындағы емханалардың бірінде 24 жастағы Тұрсыной есімді әйел өз баласын буындырып өлтірмек болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Оtyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Тұрсыной бірнеше рет сот-медициналық сараптамадан өтіп, оның ақыл-есі орнында екені анықталды. Сотта әйел баласын дерт азабынан құтқару ниетімен ашу үстінде тұншықтырғанын алға тартқан. Себебі баласы ауыр дертке шалдыққан екен.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда бала көтерген келіншектері тек егіз туатын ауыл бар (фото)

Алайда сараптама нәтижесі әйелдің өз ісіне есеп беретіндей күйде болғанын көрсетті. Абырой болғанда, балақайды емхана дәрігерлері анасынан құтқарып үлгерген.

"Сот әйелді өз ісіне есеп бере алады деп тауып, жаза тағайындады", - дейді прокурор Қанат Жүнісов.

Әйел 11 жыл үш айға бас бостандығынан айырылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1547991-oqo-turghyny-auyr-dertke-shaldyqqan-bal.html