RU

Қытайлық туристер Астанаға ғашық болып қалды

ЕХРО-ны тамашалап, елордаға саяхаттап қайтқан бейжіңдіктер таңданыстарын жасырмады. Қытай туристері Қазақстан астанасы несімен баурағанын айтып берді деп хабарлайды 24.kz.

Сю Шя Астанадан таяуда оралды. Смартфонына түсірілген елорданың көрікті жерлері мен EXPO-ның жаңалықтарын қызыға баяндайды.

"Алғашында қазақстандық өнерпаздың концертіне ғана баруды жоспарладым, кейін Астана шаһары соншалықты баурап алады деп ойламадым", – дейді ол.

Тағы оқыңыздар: Әлемге әйгілі Айшвария Рай не себепті сұлулығынан айырылды?

Турист EXPO-ны аралағанда, болашаққа сапар шеккендей әсер алған.

"Астанаға бірінші рет бардым. Ұмытылмастай әсер алдым. Әрине тіл жағынан аздап қиындықтар болды. Қаланы аралап жүргенде онлайн аудармашыны қолдандық. Іс-қимылмен көрсетуге тырыстық. Қазақстандықтардың қонақжайлығының арқасында қолайсыздықтар тез шешілді. Aл Бурабай туралы сағаттап айтуға болады. Табиғаты тұнып тұрған жер екен. Күні бойы араласақ та, шаршағанымызды байқамадық", - дейді Баодин қаласының тұрғыны Cю Шя.

Қытай туристері Қазақ еліндегі тамақтың құнарлығына таңданыстарын жасырмайды. "Балдай қымыз, таза ауа" деп шынайы ақтарылды.

"Астанаға шын ғашық болдым. Мен Қазақстанға тағы қыдырып барамын", – дейді Чжуан есімді турист.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548011-qytaylyq-turister-astanagha-ghashyq-bol.html