RU

Қазақ-қырғыз шекарасында ұзын-сонар кептеліс пайда болды (фото)

Куәгерлердің хабарлауынша, түстен кейін сағат төрт кезінде қазақ-қырғыз шекарасында 200-дей көлік кептелісте тұрыпты деп хабарлайды Sputnik Қазқастан.

Алматы тұрғыны әлеуметтік желіде жариялаған жазбаға сүйенсек, ол бірнеше сағат бойы қазақ-қырғыз шекарасындағы өткізу пунктінде тұруға мәжбүр болған.

Тағы оқыңыздар: Қостанайда сегіз жасар баланың табылмай жатқанына төрт тәулік болды (фото)

Әйелдің айтуынша, кеше 6 шілде күні "Қарқыра" бақылау-өткізу пунктінде жүздеген автокөлік кептелісте қалып қойыпты.

"Алғаш рет осындай жайт болып отыр! Шекарашылар жетпей қалды. Қазақстандық тарап әдеттегідей әр көлікті жіті бақылады, негізінде балалы-шағалы отбасы Ыстықкөлге кетіп бара жатқаны көрініп тұр ғой. Қырғыздар жағы тез өткізеді", — деп атап өтті жазба авторы.

Алматы тұрғынының сөзіне жүгінсек, ол отбасымен таңғы сағат онда өткізу пунктіне келеді, олар 84-ші болып кезекке тұрыпты, түстен кейін сағат төртте ғана шекарадан өткен.

"Менен кейін 120 көлік бар болатын! Балаларым шыдамай кетті, тамақ та алып шықпағанмын. Бір сағаттық жолға не керек деп едім. Қаракөлдегі туыстарыма хабарласып, олар балаларды алып кетті. Мен кезекті ұзақ күттім", — дейді наразы қазақстандық.

Жазбаның астындағы пікірлерде Қырғызстан тұрғындары алматылық әйелдің сөзін растап, қазақстандық тараптың көліктерді ұзақ ұстайтынын айтты. Кейбіреулердің айтуынша, тіпті велосипед мінгендер де үш сағат уақытын бекетте жоғалтқан, өйткені шекарашылар жүкті мұқият тексереді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548131-qazaq-qyrghyz-shekarasynda-uzyn-sonar-k.html