RU

Өз тойына ұшып келмек болған қалыңдық той орнына жетпей мерт болды (фото, видео)

Бразилияда өз тойына тікұшақпен келіп, жұртты таң қалдырғысы келген қалыңдық той орнына жетпей мерт болды. Бұл туралы NUR.KZ порталы Dni.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

32 жастағы Хасименто Сильва тойына тікұшақпен келуді армандаған. Алайда бұл арманы оны ақыры өлімге алып келді. Тойға жиналған 300 қонақ шын мәнінде әйелдің жерлеуіне келетінін мүлде күтпеген.

Тағы оқыңыздар: Оралдағы демалыс орнында 17 жастағы бойжеткен суға батып кетті

Тікұшақта болған қалыңдық, оның ағасы, ұшқыш және алты айлық жүктіліктегі фотограф бойжеткен апаттан тіл тартпай кетті. Болжам бойынша, тікұшақ тұманның салдарынан ағашқа ұрылған.

2016 жылдың желтоқсанында болған қайғылы жағдайдың видеосы жақында ғана желіге жария етілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548192-oz-toyyna-ushyp-kelmek-bolghan-qalynhdyq.html