RU

Отандық журналист наймандарды "итке теңеген" телеарна басшылығын сотқа беруді ұсынды

Отандық журналист Тоқтар Жақаш телебағдарлама эфирінен наймандар туралы айтылған қалжыңға наразы болып, өз ренішін білдірді. Итке "Наймантерьер" деген атау беру туралы ұсыныс тастаған бағдарлама жүргізушісін ол сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

"Наймандарды итке теңеген телеарна. 7-арнадан "Айнаонлайн" деген бағдарламаны оқта-текте көретінім бар. Жақында мынандай сюжет берді: бір ит екінші иттің сүйегін алайын десе, анау бермейді. Сөйтсе, анандай жерден ойыншықты әкеп, тастап жібереді. Бірінші ит сүйегін тастай салып, сол ойыншыққа жүгірді. Ал екінші ит жүгіріп, сүйекті тістеп алып кетті.

Жүргізуші Жасын Қанбаев: "Иттің осындай "найманатерьер" деген тұқымы шығарылды!" дейді мәз болып. Жасынды жарайды, жас шығар, ақымақ шығар дейік. Ал тұтастай 7-арнаның басшылығы қайда қарап отыр? Бұл қазақты ру-руға бөліп, бірін итке, бірін шошқаға теңеуді кім шығарған? Телеарна басшылығын тұтастай сотқа беру керек шығар? Сіз не дейсіз?", - деп жазды ол.

 Оның бұл жазбасын оқыған желі қолданушылары түрлі пікірлерін қалдырып, наразылықтарын білдірді.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы "аптап ыстықты" көрген сенегалдық азамат оны Африкамен салыстырды

Бірі телеарна басшылығын сотқа беру керек деп шуласа, екіншілері бұның жай ғана қалжың екенін айтып, оларға басу айтты.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548348-otandyq-zhurnalist-naymandardy-itke-t.html