RU

Ақтөбедегі Президент саябағы маңында жеңіл көлік адамдарды таптап өтті (фото)

Ақтөбедегі Президент саябағында 7 шілдеде жантүршігерлік жол апаты орын алды. Тротуарға шығып кеткен жеңіл көлік саябақ маңындағы бір топ адамды таптап кете жаздаған. Нәтижесінде бойжеткен көз жұмып, тағы бір жас жігіт ауыр халде ауруханаға жеткізілген.

Бұл туралы Instagram желісіндегі zello.aktobe және aktobe_zello парақшаларында хабарланды.

"Парк, 11-ші шағын аудан. Бір-бірімен жарысқан көліктердің кесірінен осындай трагедий орын алды. Кроссовер тротуарға шығып кетіп, бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті", - деп жазылған аталған парақшалардың жазбасында.

Желі қолданушылары рөлде бойжеткен отырғанын жазды. 

Тағы оқыңыздарОтандық журналист наймандарды "итке теңеген" телеарна басшылығын сынап тастады

Ал оқиғаны өз көзімен көрген куәгерлердің айтуынша, жол апаты саған 21.20-да болған, деп жазады Tengrinews.kz.

«Suzuki Vitara көлігі бордюрға шығып кетіп, екі адамды қағып кетті. Жас жігітті ауруханаға ауыр халде алып кетті. Оның аяқ-қолы сынған. Ал бойжеткен қатты соққыдан 10 метр жерге ұшып кеткен. Басымен соғылған ол тіл тартпай кетті. Ел оның аяғы ауыр деп жатты", - дейді куәгер.  

Тағы бір болжам бойынша, жол апаты көлік дөңгелегінің жарылуы салдарынан орын алған. Ал тағы біреулер көлік жүргізушісі жолда екінші бір көлікпен жарысқанын айтуда. 

«Ол кемі сағатына 150 км жылдамдықпен қозғалып келе жатты", - дейді куәгер.

Сонымен бірге, ол Suzuki Vitara көлігі аударылып түсіп, одан үсті-басы қан екі қыз бен бір жігіт шыққанын айтты.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы "аптап ыстықты" көрген сенегалдық азамат оны Африкамен салыстырды

 

Ал "ҚазАқпарат" агенттігінің жазуынша, қайтыс болған бойжеткеннің жасы небәрі 19-да болған. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548368-aqtobedegi-prezident-sayabaghy-manhynd.html