RU

Жазира Байырбекованың құрбысы оған қымбат көлігін сыйға тартты (фото)

Жазира Байырбекованың құрбысы оған өзі мініп жүрген көлігін сыйға тартты. Алайда құрбысының ниетіне риза болған әнші бағалы сыйлықты иесіне қайтарып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы әншінің өзі желідегі парақшасында хабарлады.

"Алақаааай! Айнұр құрбым маған себепсізден себепсіз, жай сыйластықпен өзінің мініп жүрген көлігін сыйлады.

Бірақ өзінің одан басқа көлігі жоқ екен."Ниетіңе раxмет"деп сыйлықты қабыл ала алмайтынымды айтып, кілтті өзіне қайтардым. Сонда да қуаныштымын.

Көп раxмет Айнұр!", - деп жазды ол.

Тағы оқыңыздар: Еліміздегі ең танымал сүрбойдақ Әлішер Кәрімов тойға дайындалып жатқанын айтты (фото)

Ал желі қолданушылары Жазираға да, құрбысына да риза болысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548431-zhazira-bayyrbekovanynh-qurbysy-oghan-q.html