RU

81 жастағы мешіт имамы он жыл бойы оқушыларға азғындық әрекеттер жасап келген (фото)

Британияда 81 жастағы мешіт имамы оқушыларға сексуалды күш көрсеткені үшін сотталып кетті деп хабарлайды "Қамшы" порталы.

Кардиффтегі корольдік сот жергілікті мешіт имамын 13 жылға бас бостандығынан айырған.

Басылым мәліметінше, 81-жастағы Мохаммед Хаджи Саддик өз оқушыларына Құран оқытқызып сол кезде оларға тиіскен. Белгілі болғандай, Саддик мешітте 30 жылдай сабақ берген.

Тағы оқыңыздар: Отандық әнші өзін құрбысы мен туыстарынан айырған қызғаншақ әпкесі туралы шындықты айтты (фото)

Сот оған 1996-2006 жыл аралығындағы сексуалды күш көрсеткені үшін үкім шығарды. Имамның айтуы бойынша, бұл оған жабылған жала. Басқа имамдардың оған қарсы ұйымдастырылған қастандық әрекеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548506-81-zhastaghy-meshit-imamy-oqushylargha-azghyn.html