RU

Ақтөбеде бірнеше адамды таптап кеткен жантүршігерлік апатқа қатысты жаңа дерек шықты

Ақтөбе облысы ІІД Президент саябағында орын алған жантүршігерлік апаттың мән-жайын айтып берді деп хабарлайды Zakon.kz басылымына сілтеме жасап NUR.KZ.

«7 шілдеде күні сағат 21.10-да был наурыз айында ғана жүргізуші куәлігін алған Ақтөбе тұрғыны Әбілқайыр хан көшесінің бойымен Suzuki Xi7 көлігін тізгіндеп келе жатып жол ережелерінің 10.1 тармағын бұза отырып,  қозғалысқа қауіп туып тұрса да, көлік өздігінен тоқтамағанынша оны тоқтатуға әрекет жасамаған. Осылайша ол сол маңда серуендеп жүрген екі адамды қағып кеткен. Оның бірі - 19 жастағы бойжеткен оқиға орнында көз жұмса, жанындағы жігіт ауруханаға түскен", - деді полициядағылар. 

Жол апаты салдарынан жүргізушінің өзі де ауруханадан бір-ақ шыққан.

Тағы оқыңыздар: Баян Есентаеваның кітабын алуға хиджаб киген бойжеткендер кезекке тұрды (фото)

Бұл жайт бойынша қазіргіт таңда сотқа дейінші қылмыстық іс қозғалған. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, куәгерлерден жауап алынуда. 

Еске салсақ, Ақтөбеде кеше, 7 шілдеде жантүршігерлік жол апаты болып, бойжеткен оқиға орнында тіл тартпай кетті. 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548546-aqtobede-birneshe-adamdy-taptap-ketke.html