RU

Қостанай облысының ауылдарында мұсылмандарды жерлейтін қорым жоқ

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қостанайлықтар үшін қазақылықтың ауылы әлі де алыс. Тәуелсіздік алған 26 жыл ішінде өңірде аудан мен ауылдардың аттары да қазақыланбаған. Оны ауыл басшыларының өздері айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Бізде бәрі орыс ұлтының өкілдері, қазақша сөйлей алмайтындар көп. Өңірде орыс және өзге ұлт өкілдері көп орналасқан. Сарыкөл ауданында 14 округ бар, бәрінің аты орыс тілінде: Тагильский, Комсомольский, Ленинградский, Севастополь, Краснодон, Сорочинка. Бір қазақша ат жоқ", - дейді Тәгіл селолық округының әкімі Сағымбай Сүндеталин.

Тағы оқыңыздар: Астанадағы дүрбелең: Қала қонақтары үйлеріне қайта алмай, дал болды (фото)

Басшы ауылдарда қазақы қорымдарға жер қарастырылмағанын өкінішпен айтты.

"Ауылда бірде бір қазақы мола жоқ. Оған жер қарастырылмаған. Орыс ұлтының өкілдеріне ғана мола бар. Ауыл тұрғындарының барлығы ауданға апарып көмеді. Ауданда бір қазақы қорым бар", - дейді Сүндеталин.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қостанай облысының ауылдарында мұсылмандарды жерлейтін қорым жоқ
Mailfire view pixel