RU

Украиналық саясаткер: Мен бір ғана Назарбаевқа бес президентті айырбастай салар едім

Украиналық саясаткер, қоғам қайраткері, ақын, аудармашы әрі сценарист Иван Драч Дмитрий Гордонның авторлық бағдарламасында бір Назарбаевқа бес президентті айырбастауға әзір екенін мәлімдеді. Бұл туралы "112 Украина" сайтына сілтеме жасап NUR.KZ порталы хабарлайды.

"Мен үшін Нұрсұлтан Назарбаев өте қызық тұлға. Тым құрымағанда латын қарпін енгізуімен қызық (күледі). Бұның өзі керемет", - дейді саясаткер.

Gordonua.com сайтының мәліметінше, Драч Назарбаевпен бұрыннан таныс екенін алға тартқан.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысының бірталай ауылында мұсылмандарды көметін қорым жоқ

"Ол Украинаға Щербицкийдің тұсында келген. Ол кезде екеуі де премьер еді. Мен орысша өтіп жатқан Министрлер кабинетінің отырысына келдім. Алайда Назарбаев кіріп келіп, украиналық тілде сөйлей бастады. Содан кейін отырыс украина тілінде жалғасты", - деп есіне алды қоғам қайраткері.

"Негізі менің Қазақстанда Олжас Сүлейменовтен бастап, таныстарым мен достарым көп. Мен бұл халықты ерекше сыйлаймын. Олар өте қызық, белсенді әрі басшысымен жолы болған халық. Мен бір ғана Нұрсұлтан Назарбаевқа бес президентімізді айырбастай салар едім", - дейді Драч.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548694-ukraina-sayasatkeri-men-bir-ghana-nazar.html