RU

Серік Абас-шах: Жағымпаз депутаттарды қызметінен қуу керек

Қазақстандық тележурналист әрі блогер Серік Абас-шах еліміздің бірқатар нысандарын Назарбаевтың атына беруге қатысты пікір білдірді деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Ол бұл туралы Facebook парақшасында жазба қалдырған.

"Соңғы он жылда бұл мәселе (Астананы және өзге де нысандарды президент атына беру) талай рет көтерілген болатын. Жыл сайын дерлік елбасы мұндай ұсыныстарды мақұлдамай келеді. Алайда әр жылда бір жағымпаз табылып, президенттің құрметіне нысан атауларын өзгертуді ұсынып отырады", - дейді Серік.

Тағы оқыңыздар: Украина саясаткері: Мен бір ғана Назарбаевқа бес президентті айырбастай салар едім

Блогер осы тұрғыда бірнеше ұсынысын алға тартты.

"Өзінің (жағымпаз) ұсыныстарымен елбасыны қайта-қайта мазалай беретін жағымпаз депутаттарды арандатушылар деп табу керек. Біздің елбасымыздың мазасын қашырған "жағымпаз депутаттарды" қызметінен қуып жіберу қажет. Шенеуніктерге жағымпаздануға заң тұрғысында тыйым салған абзал. Үкіметтің әуежайды Үлкен кісінің атына беру туралы шешімін жоққа шығарып, премьер-министрге ауызша ескерту жасау керек. "Анти-жағымпаз" атты мемлекеттік комиссия құрып, елбасын жағымпаздардан құтқару керек", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548713-bloger-zhaghympaz-deputattardy-qyzmet.html