RU

Мейрамбек Беспаев отбасын құрғанына 13 жыл толуын атап өтті (фото)

Халықтың ыстық ықыласына бөленген әнші Мейрамбек Беспаев отбасын құрғанына 13 жыл толуын атап өтті деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Биыл елдің сүйікті әншісі Мейрамбек пен оның жары Мархаббаттың отау құрғандарына 13 жыл.

"Отбасын құрып, шаңырақ көтеріп, ошақ жаққанымызға 13 жылдың жүзі болыпты. Отбасымыз аман болсын ағайын!", - деп жазған әнші желі парақшасында.

Тағы оқыңыздар: Польша президентінің әйелі Дональд Трамппен қол алыспай, ұятқа қалдырды (видео)

Әншінің бұл қуанышына ортақ желі қолданушылары бақытты отбасына ақ тілектері мен құттықтауларын жаудырды.

Еске салсақ, Мейрамбек Беспаев бұған дейін үйленгенінің он жылдығын Парижде атап өткен болатын. Махаббат мекені Францияның Париж қаласында айтулы күнді атап өтуге кеткен жұп өздерімен бірге қыздары Кәусарды да алып барған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548799-meyrambek-bespaev-otbasyn-qurghanyna-13.html