RU

Билет құны 23 мың теңге тұратын Тиматидің Астанадағы концерті қалай өтті? (фото)

Елордада көпшілікке түрлі хит әндерімен танылған әйгілі ресейлік рэпер Тиматидің концертті өтті. «Сарыарқа» велотрэгінде өткен концертте Тиматимен бірге Kristina Si, L'One, MOT сынды танымал эстарада жұлдыздары өнер көрсетті. Бұл туралы NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі хабарлайды.

18:30-да басталған концертке елордалықтар кешігіп келгендіктен, концерт бір сағатқа кеш басталды.

Десе де, «Сарыарқа» велотрэгі залының 80%-ға жуығы көрермендерге лық толып, олар танымал ресейлік әртістерді тағатсыздана күтумен болды.

Көрермендер жайғасқан орындардың арасында бос қалған қатарлар да байқалып қалды.

Ең бірінші болып сахнаға Kristina Si шығып, өзінің көпшілікке кеңінен танылған "Секрет", "Космос", Я хочу" сынды хит әндерін орындады.

Одан кейін, тыңдармандарға L'One есімімен белгілі Леван Горозия сахнаға шығып, концертті одан әрі қыздыра түсті.

Тағы оқыңыздар: Тимати Астанада қалғысы келетінін мәлімдеді (видео)

Ал, сахна төрінен МОТ (Матвей Мельников - авт.) көрінгенде, көрермендер оны ду қол шапалақпен қарсы алып, әншіге деген ыстық лебіздерін білдіріп жатты.

Әншінің орындауындағы "День и ночь", "Капкан" "Сопрано", "Мама, я в Дубаи" әндеріне кеш көрермендері орындарынан тұрып, билеумен болды.

Кештің басты қонағы Тимати көрермендерді үш сағат бойы күттіріп, сахна төріне тек 22:15-те шықты.

Танымал рэпер өзінің репертуарындағы "Посмотри", "Понты", "Где ты, где я", "Мага", "Борода", "Дерзкая", "Баклажан", "В клубе", "Не сходи с ума" сынды көпшілік сүйіп тыңдайтын әндерін шырқап, астаналықтардың ыстық ықыласына бөленді.

Black Star Party соңы "Лондон" әнімен аяқталды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548921-bilet-quny-23-mynh-tenhge-turatyn-timatidi.html