RU

Бурабайдағы ақылы әжетхана мен жағажай жұрттың ашуын келтірді (фото)

«Астана. Что? Где? Когда?» атты топта Бурабайдың жағажайына кіру 1000 теңгеге бағаланғаны қызу пікірталас тудырды. Жағажай мен әжетхананың ақылы болуы жұрттың ашуын келтіруде деп хабарлайды NUR.KZ.

Фотода Бурабайдың жағажайына кіру ересектер үшін 1000 теңге, ал балалар үшін 500 теңге екені байқалады. Ал өзге суретте әжетхана 100 теңге деп бағаланған.

 

Желі қолданушылары, тіпті әжетхананың өзі ақылы болғанына реніштерін білдіруде.

Тағы оқыңыздар: Тимати Астанада қалғысы келетінін мәлімдеді (видео)

"Бурабай бүгінде қақпалар астанасына айналған, бәрі қоршалған. Ешбір жерге тегін кіре алмайсыз. Қорқынышты. 2005-2007 жылдары олай болмаған... Бизнес жабайыланып барады", - деп жазды пікір қалдырушылардың бірі.

Дегенмен 1000 теңге айтарлықтай көп ақша деп санамайтындар, бұл қаражат жағажайдағы тазалықты сақтап тұруға кететінін алға тартуда. Олардың пікірінше, жиналған ақша тазалық қызметкерлерінің жалақысына кетеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1548978-burabaydaghy-aqyly-azhetkhana-men-zhaghazh.html