RU

Өзін "мультимиллионер" атаған Атамбаевтың табысы қанша?

Қырғызстан президенті Алмазбек Атамбаев 2016 жылғы табыс декларациясын жариялады. Ол былтыр 1 миллион 246 мың сом (18 мың доллар) пайда тауып, 8 миллион 385 мың сом ("өз қаржысынан") жұмсаған деп хабарлайды Азаттық.

Құжатқа қарағанда, Атамбаевтың 2,7 гектар жерге салынған 116 шаршы метрлік ғимараты, 6,4 гектар егістігі бар. Қырғыз президенті ОсОО НПФ қорын сенімгер арқылы басқарады. Оның жылжымалы мүлігі жоқ.

Декларация бойынша, Атамбаевтың жақын туысы (кім екені айтылмаған) 2016 жылы жұмыс орнынан 250 мың сом, дивиденд ретінде 369 мың сом, азаматтық-құқықтық келісімдерден 2,5 миллион сом, салымның өсімі ретінде 100 мың доллар пайда тапқан.

Тағы оқыңыздар: Қостанай облысында 1500 қой қойшысымен бірге өртеніп кетті (фото)

Алмазбек Атамбаев 2015 жылы 1 миллион 298 мың сом табыс тауып, 34 миллион сом жұмсаған. Оның жақын туысы сол жылы жұмысынан 182 мың сом, салымының өсімінен 112 мың доллар пайда тапқан.

Алмазбек Атамбаев бұдан бұрын "президент болғанға дейін доллар мультимиллионері болғанмын" деп мәлімдеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549076-qyrghyz-prezidenti-2016-zhylghy-tabysyn-ashy.html