RU

Шымкенттіктер қызып тұрған асфальтқа жұмыртқа қуырып жатыр (видео)

Шымкент тұрғыны қызып тұрған асфальтқа жұмыртқа қуырды. Эксперимент авторы Шымкентте сол күні 50 градустық ыстық болғанын айтады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Эксперимент видеосы Youtube видеохостингінде жарияланды. Ер адам екі жұмыртқа алып шығып, алдын ала май құйылған табаға жарып салады. Видеода майдың қызып тұрғаны көрініп тұр.

"Міне жұмыртқа қуырылып жатыр. Газды үнемдеуге болады", — деп әзілдейді эксперимент авторы.

Видеода 8 шілде көрсетілген.

Тағы оқыңыздар: Қайрат Нұртас Ыстықкөлде қалай демалды? (фото, видео)

Қазгидромет мәліметтеріне сәйкес, жексенбі, 9 шілдеде Шымкентте температура 42 градусқа жеткен. Синоптиктер дүйсенбі күні ыстықтың түсетінін болжайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549123-shymkenttikter-qyzyp-turghan-asfaltq.html