Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ерлан Орынбасаров жуырда үшінші рет ана атанған жұбайын өзі босандырып алған

Опубликовано:

Отандық эстрададағы жұлдызды жұп Баян Нұрмышева мен Ерлан Орынбасаровтың отбасында қуанышты жаңалық. Баян үшінші рет ана атанып, шекесі торсықтай ұл баланы дүниеге әкелгені белгілі. Ерлан Орынбасаров қиын сәтте жұбайының жанында болып, оны өзі босандырып алған деп хабарлайды NUR.KZ.

Бұл туралы ол Hit TV арнасына берген сұхбатында айтты.

Ерланның айтуынша, ол осымен екінші рет босану кезінде жұбайының жанында болып, оған қолдау көрсетіп отыр.

Баянның қалай қиналғанын өз көзімен көрген әнші тіпті оған ұлының есімін қоюға да рұқсат берген.

Тағы оқыңыздар: Жанып жатқан автобустан 17 адамды аман алып шыққан азаматтың ерлігі 7 жылдан кейін ескерілді

"Есімін ойластырып қойдық. Баянның қасында болдым ғой. Еңбегің зор дедім, шыны керек. Өмірге сәби әкелудің қаншалықты қиын екенін бірінші рет емес, екінші мәрте көріп отырмын. Сондықтан оған есімін өзің қой деп рұқсатымды бердім. Есімін Зейін деп қойдық", - дейді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1549135-erlan-orynbasarov-zhuyrda-ushinshi-ret/

pixel