RU

Гүлзира Айдарбекованың келіні оның қандай адам екенін ашып айтты

Гүлзира Айдарбекованың келіні, қайын інісінің жары Тұрмыс Батырханова продюсердің өмірде қандай адам екенін жасырмай айтты. Төркініне қарағанда қайын жұртына жақын Қайрат Нұртастың анасы туралы оның абысыны не дейді?

"Гүлеке күйеуінің туыстарына жақын. Бағалы сыйлықтарды да жасап тұрады. Ең қымбат сыйлығы, міне, жуырда ғана туған күнімде гаухар тасты сақина тарту етті.

Тағы оқыңыздар: Ерлан Орынбасаров жуырда үшінші рет ана атанған жұбайын өзі босандырып алған

Саудамен үйлі болды, жайлы болдық. Күйеуіме алғаш рет сауда жасауды үйреткен де Гүлзира әпке ғой. Қасына ертіп алып, базарда да сауда жасады. Тез айта салады, мына жерің дұрыс емес деп, Бетке айтқанның зәрі жоқ дейді, қайтымы жылдам", - деді ол.

Дереккөз: "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасы.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549181-gulzira-aydarbekovanynh-kelini-onynh-q.html