RU

Әйгілі тәжік моделі француз сәнгерінің тойына барудан бас тартты

Танымал тәжік моделі Парвина Саидова (Пари) ұлы француз модельері Пьер Карденнің 95 жасқа толуына орай Парижде өтетін салтанатты кешке барудан бас тартты деп хабарлайды Орталық Азияның жаңалықтар қызметі.

«Менің жақында тойым болады. Мен әрдайым мансаптан гөрі отбасына басымдық беремін», - дейді ол. Тұрмысқа шыққаннан кейін де сән әлемінде мансабын жалғастыратыны әзірге белгісіз.

Тағы оқыңыздар: Гүлзира Айдарбекованың келіні оның қандай адам екенін ашып айтты

Парвина Саидова 7 шілдеде Парижге бару керек болған. Бірақ оның орнына тойға дайындалуды жөн санапты.

Былтыр наурыз айында Парвина Саидова World Beauty Astana 2016 сән және сұлулық байқауында «Missis International-2016» номинациясын жеңіп алған. Ол Пьер Карденнен Парижге шақырту алған. Ол сол кезде ұлы модельердің мерей тойына қатысу үлкен құрмет екенін айтқан еді.

27 жастағы Парвина Саидова бес баланың анасы. Қарапайым ғана ана, екі жыл бұрын жесір қалған. Бірақ оның сұлулығын тәжік дизайнері Хуршед Сатторов байқап, сән әлеміне әкеледі. Ол оны Одессада өткен сән апталығына моделдердің тізіміне қосады. Сол кезде көп балалы ананы 60 қатысушының ішінен ең әдемі модель ретінде танылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549205-bes-balanynh-anasy-tanymal-model-uly-f.html