RU

Семейде өз мысығына жем болудан қорыққан кейуана ванна бөлмесінде жатып қайтыс болды

белая кошка на покрывале
Красивая кошка: Pixabay

Семейдегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінде ажалы жақындағанын сезген 80 жастағы әжей мәйітін өзімен бірге тұратын мысығы жеп қоймасын деп ванна бөлмесінде тығылып жатқан деп хабарлайды Semeyainasy сайтына сілтеме жасап NUR.KZ.

Көршілері кейуананың қайтыс болғанын көп қабатты үйдің кіреберісінде тараған жағымсыз иістен сезіпті.

Тағы оқыңыздар: Ерлан Орынбасаров жуырда үшінші рет ана атанған жұбайын өзі босандырып алған

Полицейлер пәтердің есігін бұзып кіргенде әжейдің ванна бөлмесінде өз мысығынан қашып, есігін ішінен жауып алғаны белгілі болды.

Мамандардың болжамына сәйкес, әйелдің мәйіті 10 күннен артық жатып қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549237-semeyde-oz-mysyghyna-zhem-boludan-qoryq.html