RU

Миллионер әнші: "Жігіттер" тобының мүшесі асабалық қызметіне миллион сұрайтынын айтты

Жуырда ғана той бизнесті мықтап қолға алып, өзінің event-агенттігін ашқан Бағлан Әбдірайымов асабалығы үшін бір тойдан қанша алатынын айшып айтты. Айтуынша, клиенттері оған 1 млн теңгеге жуық гонорар төлеуге әзір.

Бұл туралы "Астана" арнасының "Ел аузында" бағдарламасында айтылды.

"Басқа асабалардың қаламақыларын білемін. Шамамен 1 млн теңгенің жобасында. Сол бағаны ұсынсам, кәдімгідей келісіп жататын кісілер бар", - дейді Бағлан.

"Жігіттер" тобының мүшесі Бағлан Әбдірайымовтың ашқан той орталығының бүгінде аяқ-алысы жаман емес. Оның бұл бизнестегі серіктесі Руслан Ысқақов клиенттердің күн санап артып келе жатқанын айтады.

Тағы оқыңыздар: Гүлзира Айдарбекованың келіні оның қандай адам екенін ашып айтты

"Екінші, үшінші тойлардың барлығынан пайда көріп жатырмыз. Өйткені адамдар келеді, сұрағанымызды береді, сенім артады. Тапсырыстардың қатарында қазақи, екі тілді тойлар, элиталы тойлар мен VIP-тойлар да аз емес", - дейді ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549279-zhigitter-tobynynh-anshisi-toydaghy-asab.html