RU

Болат Әбілов үлкен бизнеске қайта оралды

5 шілде күні Қарағанды облысында газоблок шығаратын жаңа кәсіпорын өз жұмысын бастады. Жобаның басты құрылтайшысы кәсіпкер Болат Әбілов деп хабарлайды naryk.kz.

Жобаның құны 1,5 миллиард теңгені құрайды. Зауыттың ашылу салтанаты Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошановтың қатысуымен өтті.

"Бұл Астана күніне бағытталған айтулы жаңалық. Өнім алдымен Астана қаласындағы құрылысқа жіберіледі. Компаниямен жасалған бүгінде тиісті келісім шарт бар. Біздің облыс жалпыұлттық іске осылайша үлес қосып, әсем елордамыздың гүлденуіне септігін тигізіп жатқаны қуантады", - деп атап өтті зауыттың ашылу салтанатында сөз сөйлеген аймақ жетекшісі.

Тағы оқыңыздар: Ауыл әкімі Қостанайды қазақыландыру үшін шымкенттіктерден көмек сұрап отыр (фото)

Жобаның басты құрылтайшысы кәсіпкер Болат Әбілов зауыттың құрылысын жүзеге асыруда Қарағанды облысы не себепті таңдалғанын түсіндіріп берді.

"Қарағанды облысы шикізаты мол, мамандары білікті өндірісті өңір. Сондықтан зауытты осы аймақта аштық. Кәсіпорын Қарағанды мен Астана тәрізді екі қаланың дәл ортасында орналасқандықтан географиялық жағынан да ыңғайлы. Мұндағы шикізат базасының әлеуеті жоғары. Зауыттан 7-8 шақырым жерде кен орны бар. Айта кету керек, Теміртаудағы құм 76 пайыз кварцтан құралған. Яғни біз ең сапалы өнім шығарамыз деген сөз. Себебі Алматы, Астана қалаларының газоблок зауытындағы кварц тек 60 пайызды құрайды", - дейді Болат Әбілов

Жобаның инвесторы — Болат Әбілов компания шығаратын газоблок жеңіл, әрі тегіс болады деп отыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549305-bolat-abilov-ulken-bizneske-qayta-ora.html