RU

Тоғыз жылға түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Бүгінде тоғыз жылға сотталып кеткен Бақытбек Есентаев өзіне тағайындалған мерзімнің бір жылын өтеді. Темір тордың ар жағында жазасын өтеп жатқан Бақытбек Есентаевтың жағдайы қандай? Бұл туралы 31 арна журналистеріне ЛА 155/8 мекемесіндегілер айтып берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Түрмедегі күннің әрбір минуты санаулы. Таңертең тұрып, жаттығу жасап, таңғы ас ішетін түрмедегілер жұмысқа аттанады. Ал жұмысы істеуге құлықсыз не жұмыс істеуге болмайтындар отрядта қалады. Отрядта қалатындардың қатарында Бақытбек те бар.

"Есентаев жазасын елмен бірге өтеп жатыр. Оған ешқандай артықшылықтар қарастырылмаған. Отрядта ел қатарлы жазасын өтеп жатыр, күн тәртібін сақтайды.

Қазіргі таңда ол жұмыссыз, яғни бізде бос орын жоқ", - дейді қатаң режим мекемесі басшысының орынбасары Әлихан Молдыбаев.

Есентаевтың өзі журналистермен кездесуден бас тартып, өзін түсіруге де рұқсат берген жоқ. Түрме қызметкерлерінің айтуынша, ол ұстамдылығымен ерекшеленеді. Сонымен бірге ол қыздарымен де жиі көрісіп тұратын көрінеді.

Бұл колонияда жұмысқа орналасуға болады. Асханада жұмыс істеп, ағаш бұйымдарын жасайтын шеберханада немесе тігін цехында жұмыс істеп, жеке бизнес ашуға де болады. Осылайша жұмыс істейтін жазасын өтеушілер айына 14 мың теңгеден басталатын жалақы да алады екен. Алайда Есентаев әлі жұмыс істеуге құлықты емес.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549347-toghyz-zhylgha-turmege-toghytylghan-baqyt.html