RU

Ерке Есмаханның іздеп жүрген жігіті ауылдан табылды (видео)

Танымал әнші Ерке Есмаханның "Қайда" деп аталатын әні желіде хит болғаны белгілі. Бүгінде ол 7 млн қаралым жинап, жаңа рекорд орнатты. Еліміздің түкпір-түкпірінен оның әнінің кавер-нұсқалары пайда болуда. Солардың бірі Еркенің іздегенін тауып беруге дайын екенін айтқан қазақ жігітінің видеосы.

Желі қолданушылары болса, Еркенің іздегені аз уақытта табыла кеткеніне дән риза болды. Олар түрлі пікірлерін жолдап, Еркеге ақыл-кеңестер айтты.

Тағы оқыңыздар: Гүлзира Айдарбекованың келіні оның қандай адам екенін ашып айтты

"Ерке бұрыннан осы әніңді шығаруың керек еді, табыла кетті ғой", "Таз емес екен, енді ақшасы бар-жоғы белгісіз", "Ерке сөзіңде тұратын бол", - деп жазды олар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549404-erken-esmakhannynh-izdep-zhurgen-zhigiti.html