RU

78 жастағы алматылық рэпер әжейді шетелдік БАҚ жарыса жазуда (видео)

Немересімен рэп айтып, ел назарын өзіне аударған 78 жастағы рэпер әжей енді әлемге таныла бастады. Себебі оны ресейлік телеарналар ғана емес, енді BBC әлемдік БАҚ сұхбатқа шақыруда деп хабарлайды NUR.KZ.

BBC арнасына сұхбат берген Мәриям Амраева мен немересі Дильшод Ибрагимов бастапқыда бұлай танымал болып кететінін білмегенін жеткізді.

Әжей BBC News-ке берген сұхбатында өмір, жаһандық проблемаларға қатысты рэп оқығанды жөн көретінін айтты. Ал Дильшод болса, әжесі екеуінің рэпі желіде хит болғанын көп уақытқа дейін білмегенін айтады. Себебі ол бастапқы кезде әжесін рэп айтуға достарын таңғалдыру үшін көндірген.

Тағы оқыңыздар: Тоғыз жылға түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Кейіннен олар туралы отандық БАҚ жарыса жаза бастағанда олар бұл істі қалай да дамытуға бел буғанын айтады.

Бүгінде олардың Instagram желісіндегі жазылышулар саны 15 мыңға жетіп қалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549444-78-zhastaghy-almatylyq-reper-azheydi-shetel.html