RU

Апта сайын миллион табатын футболшы кім?

«Барселона» клубының және Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси аптасына 1 миллион фунт стерлинг, яғни 1,289 миллион доллар табыс табатын болып шықты деп хабарлайды Vesti.kz.

Осылайша ол мұндай көлемде табыс табатын әлемдегі ең бірінші футболшы атанып отыр.

Қазіргі заманның тағы бір жұлдызы Криштиану Роналдудың апталық табысы 365 мың фунт стерлингті (470 мың доллар) құрайды.

Бұл дегеніміз – португалиялық футболшы аргентиналықтан үш есе аза алады деген сөз.

Тағы оқыңыздар: Ат құлағында ойнаған қазақ жігіті желіде жұлдызы болды (фото, видео)

Еске салайық, Лионель Месси «Барселона» құрамасының негізгі футболшысы ретінде 2003 жылы қабылданған. Осы күнге дейін Каталония клубының сапында 585 ойын өткізіп, 510 гол салған.

Аргениталық футболшы бес рет әлемнің ең үздік футболшысы атағын жеңіп алған. Осыған дейін «Барселона» клубының әкімшілігі Леомен келісімшартты 2021 жылдың 30 маусымына дейін создыратынын мәлімдеген болатын. Ал жаңа келісімшартқа 15 шілдеде қол қойылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549517-apta-sayyn-million-tabatyn-futbolshy-k.html