RU

Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитеті мен оның аумақтық бөлімшелерінің лауазымды тұлғаларын ұстады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап NUR.KZ.

Ұлттық бюроның хабарлауынша, 10 миллион теңгеден астам мөлшерде бірнеше мәрте пара алған Денсаулық сақтау министрлігі фармация комитеті төрағасының міндетін атқарушы Пак Л.Ю., Павлодар облысы бойынша фармация департаментінің жетекшісі Қажынова З.Ш., фармация комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бас маманы Имамходжаев П.Т., фармация комитетінің бас сарапшысы Ибраева Д.К. тұтқындалған.

Тағы оқыңыздар: Тоғыз жылға түрмеге тоғытылған Бақытбек Есентаев жазасын қалай өтеп жатыр?

Лауазымды тұлғалардың өндірістік және дистрибьютерлік тәжірибе сертификатын бергені үшін заңсыз сыйақы алып келгені анықталған.

Бұдан бөлек, пара берген "Зерде" ҮЕҰ" ЖШС атқарушы директоры Жүзбаева Э.М. ұсталды.

"Сонымен бірге аталған лауазымды тұлғалар пара алумен бірге, тегін медициналық көмек шеңберінде сатып алынатын медициналық препараттардың құнын көтеру арқылы бюджеттік қаржыны жымқырды деп айыпталып отыр", — деп хабарлайды Ұлттық бюро.

Сот санкциясымен Пак, Қажынова, Имамходжаев және Жүзбаева тұтқындалып, Ибраева үйқамаққа алынды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549536-farmaciya-komitetininh-lauazymdy-tulgh.html