RU

БҚО-да жұмбақ жағдайда қаза болған қыздың өлер алдындағы хаты табылды

Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы Талдыапан ауылында тоғызыншы сынып оқушысы өз-өзіне қол салды, деп жазады "Мой город" басылымына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 5 шілде күні болған. Қыз сол күні құрбыларының бәріне барып шығып, үйге келгесін асылып қалған. Қыз өзіне-өзі қол жұмсардан бұрын, хат жазып қалдырыпты.

Хатында "қара адам — ажал" бұрыннан шақырып жүргені жазылған.

Тағы оқыңыздар: Фармация комитетінің лауазымды тұлғалары ұсталды

"Өзім асылып қалмасам, жақындарымды алып кетеді. Тіпті қазір қасымда асықтырып тұр, сондықтан дұрыстап жаза алмай отырмын. Менің өліміме ешкімді айыптамаңдар", — делінген хатта.

Басылым атап өткендей, қыздан бөлек отбасында тағы бес бала бар. Өзі сабақты жақсы оқыған оқушы 8 шілдеде достарымен бірге Астанаға ЭКСПО көрмесіне баруы тиіс болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549563-bqo-da-ozine-qol-zhumsaghan-qyzdynh-oler.html