Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әйгілі Нихан өзінің той көйлегін қайталап киген Кемальдің әйеліне күле қарады (фото)

Опубликовано:

Түріктің танымал актрисасы Неслихан Атагүл өзінің той көйлегінен айнымайтын көйлек киген Фахрие Эвдженге қатысты пікір білдірді деп жазады Жұлдыздар әлемі.

Неслихан қазір елдердің бәрі демалыста, ал сіз мұнда жұмыстасыз. Неліктен?!

– Иә, дұрыс айтасыз бәрі демалыста. (күліп) ештеңесі жоқ. Бір апта алдын демалып келдім. Жұмыс барысымен қазір осындамын. Біткен соң қайтадан демалысымды жалғастыратын боламын.

– Өз бойыңыздағы өзіңіз қатты қызығатын не нәрсе?!

– (күліп) Шаштарым.

– Шашыңыз сіз үшін қаншалықты маңызды?!

– Көріп тұрғаныңыздай мен үшін шаштарым өте-өте маңызды.

Тағы оқыңыздар: 78 жастағы алматылық рэпер әжейді шетелдік БАҚ жарыса жазуда (видео)

– Осындай тамаша шашыңызға қандай күтім жасайсыз?! Ол үшін не істеу керек?!

– Негізінен дұрыс тамақтану керек. Дұрыс ұйықтау керек. Су көп ішу керек. Өзімізге жақсы қарауымыз керек. Сонда шаштарымыз әсемдене түседі.

– Кадир мырзамен демалысқа шықтыңыз. Қайда болыңыздар? Бірге саяхатқа шыққан қаншалықты ұнайды?!

– Иә, Ыстамбұл жақта болдық. Қазірше сол аралықта демалдық.

– Тағы да басқа жаққа демалысқа кету жоспарда бар ма?!. және қайда барасыздар?!

– Иә, әрине бар. Бірақ қайда екенін айтпаймыын.

– Ел ішінде боласыздарма? Әлде шет елде ме? Осыны ғана айтыңызшы?!

– Шет елге кетеміз.(күліп) және күймемен шыққалы жатырмыз.

– Ооо тамаша, неге күймемен?!

– Себебі бізге өте ыңғайлы және қатты ұнайды. Қалаған жерге қонақтап, қалаған жерге тоқтап. Кез келген уақытта тамақтанып, ыңғайлы өз еркімізбен жүру үшін.

– Тамақтану жақсы ғой, бірақ оны жасауда бар емес пе?! Тамақ жасағанды ұнатасыз ба?!

– Иә, ұнатамын әрине.

– Өз қолдарыңызбен Кадир мырзаға ас жасап бересіз бе?!

– Иә, жасап беремін және Кадирде оны жақсы көреді.Сүйсініп жейді.

– Сәби сүю жоспарда бар ма?!

– Сәби сүю әрине үлкен бақыт. Дегенмен қазір ондай жоспарымыз жоқ.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да жұмбақ жағдайда қаза болған қыздың өлер алдындағы хаты табылды

Енді бір жыл бұрынғы уақытқа шегінейік. Сіздің бір жыл бұрын тойыңызда киген қалыңдық көйлегіңізді биыл тағы да бір сұлудың үстінен көрдік

– Күлді…

– Иә, кинодағы махаббатыңыз, әріптесіңіздің өмірдегі жұбайы Фахрие Эвдженнің сіздікінен айнымайтын қалыңдық көйлегін тіктіріп киді. Бүкіл жұрт осы жайлы сөз қозғауда. Сіздің бұған ойыңыз қалай?!

– Мен шынымды айтсам, бұл туралы ештеңе айтқым келмейді!!!

– Кадир мырзамен араңызда келіспей қалатын сәттер болады ма, және қай кезде?!

– Иәә, әрине ондай барлық отбасында болады. Болуы да заңдылық. Бірақ біз үшін ең маңыздысы реніш емес, арамыздағы сыйластық және махаббат.

– Неслихан бүгінгі сұхбатыңыз үшін үлкен рақмет. Сау болыңыз.

– Сізге де үлкен рақмет!

Материалды қазақ тіліне аударған Гүлнұр Серікбай

Суреттер ok.ru сайтынан алынды

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1549657-aygili-nikhan-ozininh-toy-koylegin-qayt/

pixel