RU

Терісі сыпырылып, қорқынышты күйге түскен қыздың күш-жігері жұртты тәнті етті (фото)

Австралияда тұратын сегіз жасар Изабель Олесен екпеден кейін адам шошырлық күйге түскен болатын. Қыз бала өмірге деген құштарлығымен талайды тәнті етті. Бұл туралы NUR.KZ порталы life.ru сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Ескерту: Жүйкесі жұқа адамдарға төмендегі фотоларды қарауға кеңес бермейміз!

Оның терісі сыпырылып түсе бастағанда, дәрігерлер Изабельдің аман қалуы екіталай екенін айтқан болатын. Қыз баланың көру қабілеті күрт нашарлап, тіпті жүруден қалған. Алайда өмірге деген құштарлығы шексіз балақай аман қалуға барынша тырысып, бүгінде ел қатарлы өмір сүруде.

Тағы оқыңыздар: Тоқтар Төлешовті сот залына қарулы жасақ алып кірді (фото)

Ол спортқа ден қойып, триатлон жарысына қатысып жүр.

"Қызымның денесіне қолымды тигізген сайын терісі уыстап түсіп қалатын. Қарапайым екпеден кейін қызым 48 сағат ішінде осындай қорқынышты күйге түсті. Дәрігерлер Изабель енді ешқашан жүріп, көре алмайтынын, тіпті аман қалмайтынын айтқан еді", - дейді қыздың 39 жастағы анасы Эдвина Олесен.

Тағы оқыңыздар: Отандық шоу бизнестегі Назарбаевтан айнымайтын әнші кім? (фото)

Жақында сегізге толған қыз баланың көру қабілеті нашарлап кеткенімен, ол ешкімнен қалыспай, жарыстарда ата-анасын қуантуда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549666-terisi-sypyrylyp-qorqynyshty-kuyge-tu.html