RU

Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін өздерінің қатарласын соққыға жыққан

Балалар өздері қатарлас ер баланы соққыға жығып, кейін көрермендерден "лайк" басуды сұраған, деп хабарлайды РЕН ТВ телеарнасына сілтеме жасап Sputnik Қазақстан.

Телеарнаның мәлімдеуінше, бұл оқиға Қазақстанда болған, бірақ нақты қай өңірде болғаны айтылмайды.

Тағы оқыңыздар: БҚО-да жұмбақ жағдайда қаза болған қыздың өлер алдындағы хаты табылды

Видеода бір бала жылап жерде жатыр, сол кезде екінші бала оны қолымен ұрып, аяғымен тепкілейді. Содан соң балалар көрермендерден "өз арналарына жазылуды сұрап", "лайк" қоюды өтінеді, сол үшін көрермендерге сыйлық беруге уәде етеді.

"Арнамызға жазылмай, "лайк" баспайтын болсаңдар, барып өлтірем сендерді", — дейді балалардың бірі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549689-zhasospirimder-layk-zhinau-ushin-ozininh.html