RU

Отадан кейін оянбай қалудан қорыққан Меруерт Түсіпбаева елге жанайқайын жеткізді

Осымен бесінші рет ота жасатып жатқан Меруерт Түсіпбаева өзінің ота алдындағы қорқынышымен бөлісіп, елге сырын ақтарды. Отадан кейін оянбай қалудан қорыққан әнші қарт анасы мен кәмілетке толмаған ұлының тағдырына алаңдаушылық білдірді деп хабарлайды NUR.KZ.

Әнші нақты қай жеріне ота жасатын жатқанын жазбағанымен, ота алдындағы қорқынышты сипаттап беруге тырысқан.

"Анестезиолог бірер секундтан соң наркоз салып, осыдан кейін есіңді жия алу-алмауың бір Аллаға ғана аян... Бұл ой маған үнемі ота жасатар алдында келеді. Дәл сол сәтте біз өмірдің құнын түсінгендей боламыз. Бесінші рет ота жасатып жатқан адам не тілеуі мүмкін? Әлбетте, дәрігер қолындағы жабдық мүлт кетпесе деп ойлайсың...

Жаратқан мені мына өмірді қайта көруді жазса екен деп, қайтсем де оянсам екен деп тілейсің. Тым болмаса қарт анам мен кәмелетке толмаған балам үшін. Олар менсіз қалай өмір сүрмек?

Тағы оқыңыздар: Анасын қажылыққа арқалап апарған жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Достар, қағазға ішкі ойымды жаздым. Егер осыны оқысаңыздар, алғысым шексіз. Ауырмаңыздар, аман болыңыздар! Ақ халат киген жандарға бас иемін! Алтын қолдарынызға дерт бермесін", - деп жазды ол.

Мұны оқыған желі қолданушылары оның денсаулығына алаңдаушылығын білдіріп, оның ауырмауын сұрады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549692-otadan-keyin-oyanbay-qaludan-qoryqqan.html