RU

Тоқтар Төлешовті сот залына қарулы жасақ алып кірді (фото)

Еңбекші сотының судьясы Мырзалы Жорабаев Тоқтар Төлешовтің ісі бойынша сотты кейінге шегеруге мәжбүр болды. Себебі, тоғыз сотталушының екеуі адвокаттың көмегінсіз қалған деп хабарлайды NUR.KZ.

Соттың қашан және қайда өтетіні әзірге белгісіз. Дегенмен, жақын арада хабарланатын болады.

"Кей сотталушылардың адвокаты келмейінше біз сотты бастай алмаймыз. Бұл заңбұзушылық болып есептеледі", - дейді судья Жорабаев.

Тоқтар Төлешовті адвокат Мархаба Жақыпова қорғайтын болады. Ол салық мәселесін директор мен бухгалтер реттейтінін, ал кәсіпорын иесі бұған араласпайтынын алға тартуда.

Егер бухгалтерияда қандай да бір заңбұзушылық орын алса, бұған тікелей материалдық жауапкершілік алғандар кінәлі екен. Адвокат пара беру мәселесіне де дәл осындай жауап қайтаруда.

Тағы оқыңыздар: Назарбаевтың жерде жатқан суреті желідегілердің ашуын туғызды (фото)

"Зауыт директорының салық инспекторына пара тасуы мүмкін емес. Бұл бірден түсінікті. Оның жұмыскерлері бірінші соттан бастап басты куәгер болуда. Олар директорына қарсы куәгерлік етіп жатыр. Ал негізінде салық мәселесімен бухгалтер айналысады", - дейді Жақыпова.

Еске салсақ, Шымкентте Тоқтар Төлешовтің екінші соты басталды. Енді оны Қылмыстық кодекстің экономикалық баптары бойынша айыптауда. Ол салық төлеуден жалтарып, бірқатар тұлғаларға ірі көлемде пара берді деп айыпталып отыр. 

Одан бөлек Төлешовтің ісі бойынша тағы сегіз адам жауапқа тартылып жатыр. Төлешовті сот залына қарулы жасақ алып кірді. Залда ол оқшауланған темір тордың ар жағына отырғызылған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549693-toqtar-toleshovti-sot-zalyna-qaruly-zha.html