RU

Әлемдегі ең сымбатты қылмыскердің әйелі күйеуімен ажырасып кетті (фото)

Осы айдың басында "әлемдегі ең сұлу қылмыскер" Джереми Микс миллиардер Хлоя Гринмен яхтада жүргені үшін дауға қалды.  Желіде отбасылы Джеремидің 26 жастағы қызбен сүйісіп тұрған суреті пайда болды.  Бұл суреттерді көрген Джеремидің жары ажырасуға өтініш берді деп жазады"Сплетник".

38 жастағы Мелисса батыс басылымдарының біріне берген сұхбатында Джеремимен некесінің "аяқталғанын" және оның өзгеге кетуі "жүрегіне қанжар болып қадалғанын" айтқан.  Алданған әйел 33 жастағы күйеуінің және Хлояның мұндай әрекетке барғанына сене алар емес.

Тағы оқыңыздар: Отадан кейін оянбай қалудан қорыққан Меруерт Түсіпбаева елге жанайқайын жеткізді

"Ол оның әйелі бар екенін білді. Мен мұны кешіретін нәрсе деп ойламаймын. Балаларыма не айтарымды да білмеймін. Әрине, некеміз мінсіз болған емес, бірақ бұл суреттерді көргенге дейін мен оны барынша сақтап қалуға тырыстым",— деп бастады Мелисса.

Джеремидің 7 жастағы ұлы бар және ол Мелиссаның алдыңғы некесінен болған екі баласын бірге тәрбиелеуде.

Тағы оқыңыздар: Анасын қажылыққа арқалап апарған жігіт елді сүйсіндірді (видео)

Джереми Микс  өте ауқымды көлемде қаржы ұрлап, заңсыз қару сақтағаны үшін қамалған.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549706-alemdegi-enh-sulu-qylmyskerdinh-ayeli-k.html