RU

15 жастағы оқушы әжетханада шоколад сатып, байып кетті (фото)

15 жастағы британиялық жасөспірімнің үш бірдей мектепте сауда нүктесі бар. Күн сайын ол шоколад сатып, үш жүз доллардан астам қаражат табады деп хабарлайды Life.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

15 жастағы Натан Джон-Баптист жыл сайын 50 мың фунт алып келетін тәтті "империя" құрған.

The Sun хабарлағандай, 11 жасында ол бір миллиардермен сөйлесіп, қатты шабыт алыпты. Ер адам Натанға өмірде қалаған нәрсесіне шын талпынар болса, қол жеткізе алатынын айтқан.

Тағы оқыңыздар: Жасөспірімдер "лайк" жинау үшін өздерінің қатарласын соққыға жыққан

Ол 12 жасқа толғанда түрлі тәтті кәмпиттер мен газды сусындарды қоңырау кезінде сата бастаған. Оның бұл саудасына сұраныстың көптігі соншалық, біраз күннен кейін ол снэпчат арқылы тапсырыс қабылдап, ерлер әжетханасында оларды сатқан.

Бүгінде үш түрлі мектепте оның 11 сатушысы бар. Күн сайын тәтті шоколад, сағыз бен сусыннан ол үш жүз доллардан астам қаражат табады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549749-15-zhastaghy-oqushy-azhetkhanada-shokolad-sat.html