RU

Қостанай тұрғыны 19 жастағы жігіттен зорлық көргенін айтып, дабыл қақты

Қостанайда 22 жастағы бойжеткен 19 жастағы жігіттен сексуалдық зорлық көргенін айтып, дабыл қақты. Бұл туралы NUR.KZ порталы «Алау» сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға екінші шілде күні шамамен сағат түнгі екі жарымда қаладағы саябақтардың бірінде болған.

Тағы оқыңыздар: Отандық шоу бизнестегі Назарбаевтан айнымайтын әнші кім? (фото)

"Бірге ішімдік ішу кезінде айыпталушы бойжеткенмен күш қолданып, жыныстық қатынасқа түскен. 1998 жылғы Қостанай азаматы ІІБ-ге жеткізілді", - дейді облыстық прокуратура басқармасының басшысы Қайрат Жүсіпов.

Сот-медициналық сараптама тағайындалып, тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1549784-qostanay-turghyny-19-zhastaghy-zhigitten-zo.html