Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақша көбейтудің төрт таптырмас тәсілін білесіз бе?

Опубликовано:

Кез келген адам ақшаны қалай көбейту туралы жиі ойланады және әрбіріне ақша қандай принципке жұмыс істейтіні қызық. Осы орайда ақшаны қалай табу, жинау, көбейту туралы мамандар айтқан кеңестерді ikerim.kz сайты назарларыңызға ұсынады.

Ақшамен дұрыс қарым—қатынас құрыңыз

Кедейлер-кедей, байлар-бай болып қала береді деп ойлап, ол үшін төбедегіні жазғыруды қойыңыз! Бұл мүлде жолы болмайтын адамның сөзі. Негізі ақшаның табиғаты бейтарап. Өзіңіз иелік ететін ақшаның көбеюі өзіңізге ғана тәуелді. Өз лексиконыңыздан ақша қатысты жағымсыз сөздерді өшіріңіз! Тек шынайы жақсы көріңіз, сол кезде ол сіздің сезіміңізге жауап береді.

Шығыс көп болған сайын, кіріс те көбейеді

Мысалы біз осы жылы 100 түп көшет егіп оның пайдасын көрсек, келесі жылы өткен жылғыдан да көптеу егеміз. Қайырымдылық жасаудан қорықпаңыз! Ақша айналымда болған кезде ғана өзіне энергия жинайды. Мысалы егер сіз ақша берсеңіз ғана, аласыз!

Тағы оқыңыздар: Әлемдегі ең сымбатты қылмыскердің әйелі күйеуімен ажырасып кетті (фото)

Бірақ бұл тек қосалқы амалдар ғана, бастысы сіз қайырымдылықтан махаббат аласыз. Бір рет болсын жақсы іске ақша беріп көріңіз, сол кезде ішіңіздегі өзгерісті байқайсыз! Ал ол ақша еселеніп қайтып келеді.

Ақша жұмыс істеуі керек

Ақша бос жатса, олар үшін бұл қатаң жаза болып есептеледі екен. Ақшаның қолданыста жүргені дұрыс, осыны естен шығармаңыз. Бірақ ол ақшаны барып жарата беру керек деген емес.  Мысалы депозитке ақша салып қойыңыз, ол «жастықтың астында» жатқаннан жақсы.

Зат сатып алғанда, чек алуды ұмытпаңыз!

Қандай зат сатып алғаныңызға қарамастан, үнемі чек сұраңыз. Апта соңында барлық чектеріңіздің соммасын есептеп, ақшаның қайда кеткенін біліңіз. Неден үнемдеу керек екеніңізді бағамдаңыз. Ақшаның су сияқты ағып кетуіне жол бермеңіз!

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/kaleidoscope/1549875-aqsha-kobeytudinh-tort-taptyrmas-tasil/

pixel