RU

Қазақстандық қызға үйленер едім: Қытайлықтар Қазақстан жайлы не ойлайды?

NUR.KZ тілшісі қытайлық жастардың Қазақстан туралы ойын білді. Анықталғандай, көпшілік үшін бұл территориясы үлкен, Димаш Құдайбергенов өскен азиялық ел ғана екен. Дегенмен, көптеген қытайлықтар Қазақстан туралы білгілері келетінін жасырмады.

"Мен Қазақстанның теңізге шықпайтын  әлемдегі ең үлкен ел екенін білемін. Мұнда көптеген мұсылмандар өмір сүреді. Одан басқа еш хабарым жоқ" – деді қытайлық жігіт.

Facebook желісінде қазақ қыздарының суретін көрген жас жігіттің пікірінше, біздің қыздар өте тартымды әрі сұлу.

Тағы оқыңыздар: Қостанай тұрғыны 19 жастағы жігіттен зорлық көргенін айтып, дабыл қақты

"Қазақстандықтардың көздері үлкен. Қастары биікте орналасқан. Олар өте әдемі", - деп санайды қытайлық тұрғын.

"Қазақстан - үлкен территориясы бар ел. Бұл ел Қытаймен дос. Ол жерде Қытайға танымал болған Димаш есімді әнші өскен", - деді сауалнамаға қатысушылардың бірі.

"Егер, менің мүмкіндігім болғанда, әйелдікке қазақстандық қызды алар едім. Онымен араласу арқылы мен ол ел туралы, жергілікті халық туралы көп нәрсе білемін. Мен сөзсіз қазақстандық қызға үйленер едім", – деп мәлімдеді тағы бір жас жігіт.

Басқа бір жігіттің пікірінше, қазақтар еуропалықтар мен үндістерге келеді, олардың терісінің түсі бірдей.

"Менің бөлмелес құрбымның жігіті – қазақ. Соның арқасында мен оның ислами мемлекет екенін білемін", - деді қытайлық қыз.

Тағы оқыңыздар: Апалы-сіңлілі үшемдер үйлену тойларын бір күнде өткізді (фото)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550073-qazaqstandyq-qyzgha-uylener-edim-qyta.html