RU

Италиялық ерлі-зайыпты ЭКСПО көрмесінде екі жасар баласын ұмытып кеткен

Италиялық ерлі-зайыпты ЭКСПО-2017 көрмесі аймағында екі жастағы баласын  ұмытып кеткен деп хабарлайды NUR.KZ. 

"Көрмеде қызық оқиға болды. Шетелдік жұп көрме аймағында баласын ұмытып, өздері тұратын үйге қарай кетіп қалған. Олар біраз уақыт өткен соң ғана баласының қалып қалғанын еске алады. Бала ұйықтап жатқан, оны балалар ойын алаңынан тапты", -деді ЭКСПО  аумағындағы қауіпсіздік департаментінің директоры Рустем Чакенов.

Тағы оқыңыздар: Қара түсті ұнататын "қуыршақ" қыз желіде жұлдыз болды (фото)

Көшенің ортасында тұрған бесік арбаны ЭКСПО күзетшілері көріп қалып, сәбиді ата-анасына қайтарып берген.

"Жағдайды түсінуге болады, көрме аймағында көптеген адамды еліктіретін экспонаттар бар. Балалар соның қызығына түсіп кетеді. Осы жағдайды пайдаланып, ата-аналардан балаларына абай болуды сұраймын", - деді Чакенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550224-italiyalyq-erli-zayypty-ekspo-kormesi.html