RU

ШҚО тұрғыны 11 жасар қызды зорламақ болды

ШҚО-ның Зыряновск қаласында ер адам 11 жасар қызды зорламақ болып, қылмыс үстінде ұсталды. Полицейлер педофилді бірнеше минутта қолға түсірген. Бұл туралы NUR.KZ порталы YK-news.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

"Сағат 18:30-да Зыряновск тұрғыны белгісіз азаматтың кішкентай қызын зорламақ болғанын айтып, полицейлерге хабар берді", - дейді АІІБ басшысының орынбасары Рустам Надыров.

Тағы оқыңыздар: Италиялық ерлі-зайыпты ЭКСПО көрмесінде екі жасар баласын ұмытып кеткен

Анасының айтуынша, қызы өзге балалармен аулада ойнап жүрген. Сол сәтте ер адам олардың маңында айналшықтап жүріп, екі қызды қасына шақырып алыпты. Ұялы телефонын көрсетіп, балалардың көңілін аулаған азамат екі қыздың бірін өзімен бірге ертіп әкеткен.

Полицейлердің сөзіне сенсек, ауладағы өзге балалар қыздың анасына баласын бейтаныс ер адам ертіп әкеткенін айтып беріпті.

"Әйел бірден қызын іздеуге кірісіп, айқайға басқан. Сол сәтте қыз баланы шешіндіріп үлгерген азамат, дауысты естіп, ізін суытады. Әйел бірден полиция шақыртып, тәртіп сақшылары күдіктіні тез арада құрықтады. Оныншы шілде күні сот оны қамауға алу шешімін шығарды", - дейді Рустам Надыров.

Белгілі болғандай, өзге ауданның тұрғыны саналатын күдікті бұған дейін де балаларды зорлағаны үшін сегіз және он жылға түрмеге жабылған. Алайда тәртіпті болғаны үшін мерзімінен бұрын бостандыққа шығыпты.

"Оның ақыл-есінің орнында екенін тексеріп, психологиялық сараптама жүргіземіз. Зардап шегушіге де бірқатар сараптамадан өтуіне тура келеді", - дейді полицей.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550233-shqo-turghyny-11-zhasar-qyzdy-zorlamaq-bold.html