RU

Алматының бас театрына ілінген еліміздің жыртық туы жұрттың ашуын келтірді (фото, видео)

NUR.KZ оқырмандары редакцияның WhatsApp 8747 535 12 98 нөміріне Алматыдағы Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театрында ілулі тұрған жыртық тудың суреті мен видеосын жіберді.

Видеода Қазақстаның жыртылған туы театр ғимаратына ілініп тұрғанын байқауға болады. Жыртық туға қатысты Абай атындағы мемлекеттік опера және балет театры директорының орынбасары Гүлжан Нұртаева пікір білдірді.

Тағы оқыңыздар: Қара түсті ұнататын "қуыршақ" қыз желіде жұлдыз болды (фото)

"Ту түнде желдің әсерінен жыртылып қалған болу керек. Мен оның жыртылып қалғанын да білмеппін, себебі біздің қызметкерлер үнемі оны қарап тұрады. Олар мемлекеттік туды таңертең ауыстырды. Бұл Қазақстан мәдениетінің көшбасшысы ғой, бұл жерде басқаша болуы мүмкін емес", - деді директордың орынбасары.

Тағы оқыңыздар: Италиялық ерлі-зайыпты ЭКСПО көрмесінде екі жасар баласын ұмытып кеткен

Сонымен қатар театр орынбасары түн ішінде қыдырып жүріп, театр маңына қоқыс лақтырып, дәрет сындыратындарға наразылығын білдірді.

"Кейбіреулер театр маңында үлкен және кіші дәретке отырудан ұялмайды. Сол себепті қоғамның рухани сауығуының қамқоршылары алдымен өздерін жөнге келтірсін", - деп атап өтті Гүлжан Нұртаева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550242-almatynynh-bas-teatryna-ilingen-elimi.html