Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырау тұрғыны мектепке барған баласын алтын таққа отырғызып, аста-төк той өткізді (фото)

Опубликовано:

Астана тұрғыны Марат Төлібаев шетелде тұратын құрбысының оқиғасын айтып берді. Жақында Атыраудағы тойлардың біріне қатысқан әйел аң-таң болып қайтқан екен деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

"Жақында таныстарымның бірі облыстық орталықтардың біріндегі тойға қатысты. Туыстары ұлының бірінші сыныпқа баруын тойлатыпты. Бұл үйлену тойы емес болса да, ата-анасы атаулы күнді аста-төк тойға айналдырған екен. Бұрыннан шетелде тұрып келе жатқан құрбым қатты таң болып қайтты", - дейді Марат Төлібаев Facebook парақшасында.

Оның айтуынша, той үлкен тойханада өтіп, оған бірнеше жүз адам жиналған. Дастархан түрлі тағамдарға лық толы болғаны соншалық, қолды қоюға жер болмапты.

Тағы оқыңыздар: Алматының бас театрына ілінген еліміздің жыртық туы жұрттың ашуын келтірді (фото, видео)

"Балақайды залға алтын адам киімін киген жігіттер алтын таққа отырғызып алып кірді. Баланың жолына раушан жапырақтары себіліп, әнұран айтылып жатты. Қонақтар балаға қымбат сыйлықтары мен ақшаларын жаудырумен болды. Балақайға бұл қаншалықты ұнағаны белгісіз. дегенмен ол бұл рөлге әбден кіріп кеткен. Ол бәрі осылай болуы тиіс деп санасына құйып жатыр", - деп жазады Марат.

"Мен қазақтар үшін қорқамын! Біз балаларымызды неге үйретіп жатырмыз? Қандай құндылықтарға баулимыз?.. Біз өзіміз қымбат көліктер мен айфонын көрсетіп мақтанатын болашақ "Үсеновтерді", "алтын жастарды" тәрбиелеп жатырмыз. Біз тойға қонақ ретінде барған сайын қазақтардың мақтаншақтығына шек болмайды", - деп күйінді Төлібаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1550294-atyrau-turghyny-mektepke-barghan-balas/

pixel