RU

ОҚО-да қызметтік көлікпен табиғат аясында демалған полицейлер жұртты шошытты (фото)

Оңтүстік Қазақстан облысының бір топ полицейлері табиғат аясына демалысқа шығып, өзге демалушыларды шошытты. Форма киіп, қару асынған шенділер бұл демалысына қызметтік көлігін пайдаланған деп хабарлайды NUR.KZ порталының өңірдегі тілшісі.

Оқиға тоғызыншы шілде күні орын алған. Машат аумағына демалысқа шыққан бір топ демалушылар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуші азаматтардың мұндай әрекетіне куә боламыз деп ойламаса керек, форма киген шенділер айналасындағылардан еш қымсынбастан демалысын жалғастыра берген.

Тағы оқыңыздар: Тойдың жаңа түрі: Үйлену тойын үндіше өткізген қазақтар елдің ашуына тиді (фото)

Бір қызығы, олар қызметтік қаруын асынып, айналысындағы балалардың зәре-құтын қашырыпты. Бұл туралы шымкенттік тұрғын Анар Сүлеева желі парақшасында ашына жазды.

Автор жария еткен фотодан қару асынған полицейлердің қолдарынан азық-түлік салынған пакетті байқауға болады.

Еске сала кетсек, қызметтік көлікті өз мақсатына пайдалану ОҚО халқы үшін таңсық болмай қалды. Өткен жылы бір топ дәрігерлер су жаңа жедел жәрдем көлігімен табиғат аясына демалуға шығып, нәтижесінде біразы қызметінен қуылған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1550309-oqo-da-qyzmettik-kolikpen-tabighat-ayas.html